Байланыс және интернет

Астана қаласының аумағында 4G және 5G стандарттарындағы тұрақты мобильді байланыс қолжетімді.
Негізгі ұялы байланыс операторлары:
• Beeline Kazakhstan;
• Kcell;
• Tele2/Altel.
SIM-карталарды төлқұжатты көрсеткен жағдайда әуежайдан, ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету орталықтарынан және ірі сауда орталықтарынан сатып алуға болады.
Сонымен қатар, қонақ үйлерде, дәмханаларда және саммит өтетін орында тегін Wi-Fi кеңінен қолжетімді.
Сондай-ақ eSIM-ді алдын ала рәсімдей аласыз, мысалы, төмендегі сілтеме арқылы AirAlo қызметін пайдаланып:





