Пайдалы ақпарат

Астана халықаралық әуежайы Конгресс-орталықтан шамамен 15 км қашықтықта орналасқан. Жол жүру үшін ресми такси қызметтерін немесе такси шақыруға арналған мобильді қосымшаларды пайдаланған жөн.
Банкоматтар әуежайда, қонақ үйлерде, сауда орталықтарында және банктерде қолжетімді.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз су санитариялық талаптарға сәйкес келеді. Дегенмен, ішу үшін бөтелкедегі суды пайдаланған жөн.
Қызмет көрсету орындарының көпшілігінде банк карталары және байланыссыз төлем тәсілдері қабылданады. Темекі шегуге тек арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда жалпы қабылданған іскерлік әдеп нормаларын сақтап, жергілікті дәстүрлерге құрметпен қарау ұсынылады.



